« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда қаласында ашылған «Қызылорда – адалдық алаңы» фронт офисі тұрғындарды заңсыз сыйлық пен пара бермеуге үйретеді. Фронт офис өз жұмысын қабырғалары әйнектелген «Open space» форматында қала әкімдігімен жапсарлас салынған ғимаратта бастады.
«Қызылорда – адалдық алаңы» жобалық фронт-офисінің ашылуына Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің штаб бастығы Б.Ниязов және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов қатысты.
«Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қызылорда – адалдық алаңы» фронт офисі ашылып, өз жұмысын бастап отыр. Фронт офис Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты мекемелер мен құрылымдық бөлімшелерінде,еңбек ұжымдарында адалдық, парасатылық және әдептілік қағидаларын түсіндіріп, оны қалыптастыру бағытында шараларды атқаратын болады.
Фронт офиске өтінішпен келген азаматтардың шағымдары тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, мәселелердің шешілуіне дейін толық сүйемелденетін болады.
Сонымен қатар, тұрмыстық жемқорлықты жою және халыққа қолайлы жағдай жасау бағыты бойынша қалаға қарасты коммуналдық мекемелерде халыққа көрсетілетін қызметтердің деңгейіне мониторинг жүргізіп, оны жетілдіру бойынша шаралар қабылданады» - деді «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов.
Алдағы уақытта фронт офисте Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты сала басшыларының жеке қабылдаулары өтетін болады. Сондай-ақ, фронт офисте өткізілетін онлайн конференцияларда сала басшылары халықтың сұрақтарына тікелей эфир арқылы жауап береді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |