Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округының әкімі жер телімдерін үлестіру кезінде пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап. Жергілікті әкім С. Күзембаев ауданда орналасқан 4 жер телімін шығарып бергені үшін 3,6 миллион теңге пара алған. 31 шілдеде Іле аудандық сотының үкімімен ол алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі минимал мекемеде өтейтін болады. Сотталған азамат өмірбойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.