« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Вице-министр кейбір шетелдік тауарларды сатып алуға 2 жыл шектеу қойылатынын мәлімдеді.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мемлекеттік қызметкерлер үшін шетелдік автокөлік сатып алуға, сондай-ақ шетелден трансформатор мен кабель әкелуге тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр қаулы өткен аптада қабылданғанын жеткізді.
"Құжаттағы тізімге автомобиль, трансформатор, кабель кірді. 3 қауымдастық осы ережені енгізуге ұсыныс жасады. Қаулы аясында 2 жыл бойы мемлекеттік сатып алулар бойынша тек отандық өнімдер алынуы қажет", - деді Аманияз Ержанов үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясынан соң.
Оның пікірінше, аталған шара осы салада жұмыс істейтін отандық кәсіпорындардың дамуына ықпал етеді.
"Бүгін кабель өнімін шығару 80%-ке өсті. Қарағанды, Павлодар, Атыраудағы кәсіпорындар талшықты-оптикалық кабель жүргізуге қажетті өнімді шығара алады. Бұл өнімді "Қазақтелеком" компаниясы пайдаланып жатыр. Ал осыған дейін импорттық өнімдер және трансформаторлар, автомобильдер шетелден сатып алынып келді", - дейді вице-министр.
Журналистер ведомство өкілінен қазіргі кезде неміс көлігімен жүретін мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде министрлер қандай отандық өнімді пайдаланатынын сұрады.
Аманияз Ержанов елімізде Ravon, KIA, SsangYong көліктері құрастырылатынын атап өтті. Екі жылдық тыйым кезінде мемлекеттік қызметкерлер осы моделдерді сатып алады екен.
"Министрлер Mercedes-пен жүреді деп мысқылдауға болмайды. Ол "Мерседестер" бұрын сатып алынған, оларға 10-15 жыл болған", - деп жауап берді вице-министр.
Ержанов шетелден автокөлік әкелуді шектеу еліміздегі көлік нарығындағы бағаларға әсер етпейтінін айтты.
"Автокөліктің бағасы арзандамайды. Себебі, кез келген өнімді шығару кезінде шығын болады. Мысалы, автобөлшектер, шикізаттардың өз бағасы бар. Өнімнің бағасы шығынның есебінен құралады", - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, баға өндіріс елімізде болғанда, бөлшектердің 50%-і Қазақстанда жасалғанда төмендеуі мүмкін. Оған 3-5 жыл уақыт керек.
"Оның өзінде бұл қаржыландыру көзіне және мемлекеттің өндіріске қандай жағдай жасайтынына байланысты", - деп түйіндеді вице-министр.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |