Айтыскер-мұғалім балаларға арнап кітап шығарды

Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 ІT мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Ержеңіс Әбді балаларға арналған "Ержеңістің ерекше есептері" атты кітап шығарды. 
Кітаптың ерекшелігі сол ондағы есептер балалардың тез жаттап алуына болатын өлең түрінде берілген. Автор баланың ойлау қабілетін дамытатын есепті бір шумаққа сыйғызған. Айта кету керек, Ержеңіс - айтыскер ақын. Республикалық, облыстық ақындай айтысының жүлдегері. Кітаптың әр беті баланы қызықтыратындай түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Алғашқы бөлігі 1000 дана болып жарыққа шықты. "Бұл кітапты алған ата-ана не ұтады, оқыған, жаттаған және оны есептеп шығарған балаға нендей пайда?
Осы сұраққа жауап беріп көрейін:
1☆ Телефонға телмірген баланың назары кітапқа ауады.
2☆ Баланың логикалық ойлау дағдысы қалыптасады.
3☆ Тақпақ жаттау арқылы есте сақтау қабілеті артады
4☆ Жұмбақтарды шешіп, есептерді талдау барысында отбасылық жайлы көңіл-күй қалыптасады.
5 ☆ Кітапта әр жұмбаққа бір суреттен салынды.
6☆ Бұл кітапқа екі суретші мен балалар психологы атсалысты. 7☆ Бұл кітапты филология ғылымдарының докторы, математика ғылымдарының докторы және балалар ақындары мен математика пәні мұғалімдерінің кеңесі мақұлдады", - деп жазды автор өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 тамыз 2019 г. 736 0