Жеңіл атлет жеңіске жетті

Жерлесіміз Рақымжан Келманов Қазақстан чемпионы атанды. Қармақшылық желаяқ №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шынығады.
Алматы қаласында өткен дүбірлі додада Р.Келманов 1500 метр қашықтықты оңай бағындырып, І орынның биігіне шықты.
Рашида Сарбасованың шәкірті бұған дейін де республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстарда жетістікке жетіп жүр. Сыр елінің намысын қорғап жүрген жеңіл атлет биылдан бастап ересектер сапына қосылған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2019 г. 422 0