« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Біріккен Ұлттар ұйымы 30 шілдені Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні деп белгіледі, оны халықаралық қауымдастық 2014 жылдан бастап атап өтуде.
Осы орайда, бүгін облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Адам саудасына қарсы күресте біргеміз» атты ақпараттық науқаны өткізілді.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – адам саудасының проблемалары туралы хабардарлықтың деңгейін арттыруға бағытталған тұрғындар арасында мәдени-ағартушылық және ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады.
Жүргізілген ақпараттық акция барысында полицейлер үкіметтік емес ұйым қатарынан Жергілікті «Шағын кәсіпкерлер-әйелдер қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесіп, адам саудасы қылмысының алдын алу мақсатында қалалық саябақтар, алаңдар, сауда орталықтары, теміржол және автовокзалдарда, облыс орталығындағы құрылыс объектілеріндегі жұмысшылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақтар таратты.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары адам саудасына байланысты қылмыстың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі сұрақтар бойынша жұмыс жасайтын сенім телефондары (116 16) жөнінде ақпараттандырды.
Айта кетерлік жайт, қызылордалық полицейлер мұндай мақсаттағы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде өткізуде.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |