Департамент басшысы әлеуметтік желілерге тіркелді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Ерсейітов Facebook және instagram әлеуметтік желілерінен парақшаларын ашты.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, тұрмыстық жемқорлықты жоюға, азаматтардың жемқорлыққа қарсы иммунитетін күшейтуге айрықша көңіл бөледі.

Агенттік қызметінің негізгі ұстанымы ашықтық және қолжетімділік болыптабылады. Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаевтың Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуы және оған азаматтардан көптеген өтініштердің келіп түсуі осының жарқын мысалы. Бұл шараның мемлекеттік аппаратқа деген сенімнің артуына, халықпен шұғыл әрі сапалы кері байланысты қамтамасыз етуге ықпал еткені сөзсіз.

Департамент басшысы жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап қату және оларды толғандыратын мәселелерді шешу мақсатында Facebook (Ерсейітов Ардақ) және instagram (@erseitovardak) әлеуметтік желілерінде өзінің жеке парақшасын ашты

А.Ерсейітов өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында алдағы уақытта Сіздермен тығыз қарым-қатынаста байланысып жұмыс жасауға, ұсыныс – пікірлерін тыңдауға дайын екендігін жеткізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2019 г. 944 0