Қазалылықтар акцияға үлес қосты

Қазалы ауданында #Birge #TazaQazaqstan аудандық экологиялық акциясы өтті. Қоршаған ортаның тазалығына көпшіліктің назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған шараға Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және барлық ауылдық округ тұрғындары белсенді қатысты.

Бұл күні Қазалы ауданының әкімдігі мен дербес бөлімдер тұрғындар арасында «Милиция көл» аталып кеткен айдын судың айналасы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойын тазалап, жиналған қоқыстарды арнайы орынға шығарды.

Сондай-ақ, Әйтеке би кентіндегі өзге мекемелер аудандық электр торабы мекемесі жағындағы «Мектепбай» учаскесі, «Ақарық» пен Жанқожа батыр кесенесі жанындағы каналды, көшелердегі арықтарды тазалады.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 шілде 2019 г. 607 0