Жалағаш ауданында жеке кәсіпкер Жазылбек Пірімжанов техникалық қызмет көрсету орталығын ашып, жергілікті жұртшылыққа қызмет көрсете бастады. Оның жалпы құны 10,5 млн теңгені құрайды.
Жобаның 2,5 млн. теңгесі «Жұмыспен қамту -2020» бағдарлама бойынша мемлекеттен алынған. Қалған 8 млн. теңгесі жеке қаражат есебінен іске асты. Қазіргі таңда заманауи техникалық құралдармен жабдықталған 2 көлік жуу, 1 техникалық көмек көрсету боксы, автобөлшектер дүкені және 30 орындық асхана қызмет көрсетеді, 8 жаңа жұмыс орыны ашылды.