
Синоптиктер шілденің соңы мен тамыздың басында қандай ауа райы күтілетінін жариялады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жақын күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Батыста және солтүстік-батыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Күндізгі ауаның температурасы 17-25°С дейін төмендейді.Тек республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды, күн ашық. 35-40°С аптап ыстық болады.
Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, дауылды жел тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал.