Алматыдан желаяқтар табысты оралды

Алматыдан желаяқтар табысты оралдыАлматы  қаласында жеңіл атлетикадан 1997-98 жылы туылған  жасөспірімдер арасында  Қазақстан чемпионаты өтті. Айтулы жарыста Қызылорда облысының құрама командасы қатарында ойын көрсеткен спортшыларымыз нәтижелі оралды. 
Атап айтсақ,  қармақшылық Рахымжан Келманов 2000 м кедергілер арқылы жүгіруден алтыннан алқа тағынса, 3000 м жүгіруден үшінші орынды иеленді. №4 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 800 м жүгіруден сынға түскен Анастасия Щадыло мен жалағаштық Нұржан Скендір найза лақтырудан чемпион атанды. Ал ядро итеруден Руслан Мұратбай (№4 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен) қола жүлдеге ие болды. Спортшыларды жарысқа Владимир Лептиков, Наталья Лептикова, Мұрат Кетебаев, Жандос Қарақұлов және Рашида Сарбасова дайындады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 шілде 2014 г. 734 0