Өткен аптаның сенбісінде Жаңақорған ауданы Төменарық елді мекенінде төтенше жағдай орын алды. Ауыл қасынан өтетін Сунақата каналына тоғыз жастағы Нұрбол Ораз cуға кетіп қалды.
Астана қаласында тұратын ол аталмыш ауылға қыдырып келген. Дегенмен оның ажалы судан болды. Үлкендердің назарынан тыс қалған бүлдіршін тілсіз жаудың құрбанына айналды. Бүлдіршіннің жансыз денесі ауыл тұрғындарының күшімен сол күні 21.00-де жағаға шығарылды. Бұл іске жергілікті төтенше жағдайлар саласы қызметкерлері де жұмылдырылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары жаз айларында суға шомылуда абай болу керектігін ескертеді. Осындай салғырттық салдарынан жыл басынан бері қаншама оқиға тіркеліп отыр.