
Алматыда оқыс оқиға салдарынан ҚР бұрынғы вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның төрт жасар ұлы қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенова мәлім етті, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
Майраш Тайкенованың айтуынша, әріптестері, туған-туыстары мен білім саласы ұйымдарының басшылары марқұмның анасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Еске сала кетейік, таяуда елорданың Есіл аудандық сотында ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шыққан еді. Ол сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталып, кінәсін мойындаған.