"Қайсар" сырт алаңда "Атырауды" 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
«Атырау» — «Қайсар» 1:3
Голдар: Хунт, 8. Кулибали, 73. Хунт, 89 – Трифунович, 44-пен.
«Атырау»: Шабанов, Абдулин, Афанасьев, Бутуев, Одибе, Пласконный (Шахметов, 55), Блажич, Карпович, Коструб, Адийя (Пархачев, 70), Трифунович.
«Қайсар»: Прядкин, Дәуітов, Кляйн, Кулибали, Шестаков, Розыбакиев, Фурдуй, Нәрзілдаев (Калинин, 60. Күнов, 75), Савич (Яблан, 80), Струков, Хунт.
Бас төреші: Руслан Дузмамбетов (Өскемен)
Енді екі турдан кейін футболдан ел біріншілігінің алғашқы айналымы мәресіне жетеді. Содан кейін командалар 1-6 және 7-12 орындар үшін екі топқа бөлініп сайысқа түседі. Жерлестеріміз алғашқы тобында сынға түсетін секілді. Өйткені, "Қайсар" командасы өзінен кейінгі "Жетісудан" 6 ұпай алға тұр. Сондай-ақ, келесі турда, 26 шілде күні қызылордалық футболшылар өз алаңында сол "Жетісуды" қабылдайды.
Алғашқы алтылықта "Ақтөбе", "Қайрат", "Шахтер", "Астана", "Ордабасы" және "Қайсар" сынға түссе, келесі алтылықта "Жетісу", "Атырау", "Тобыл", "Ертіс", "Тараз" және "Спартак" өзара шеберлік байқасады деп күтілуде.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, "Атырау" "Қайсармен" соңғы 7 кездесуінде бірде-бір мәрте жеңіске жете алмай келмеді. Бүгінгі ойында да сол "дәстүр" жалғасын тапты. Бұл ойындар саны 8-ге жетті. Қуаныштысы, оның 7-де "Қайсар" командасы үш ұпай олжалаған.
Соңғы турдағы өзге кездесулер нәтижелері төменденіше: Спартак – Астана 1:1, Шахтер – Қайрат 1:0, Жетісу – Ордабасы 0:1, Тараз – Ертіс 5:1, Ақтөбе – Тобыл 3:1.