Үстіміздегі жылдың 13 шілдесінде Қызылорданың "Қайсары" сырт алаңда "Атыраумен" кездеседі. Екі команда 20 тур ойындарын өткізеді.
Естеріңізге сала кетелік, алғашқы айналымда жерлестеріміз атыраулық футболшыларды 2:1 есебімен тізе бүктірген еді. Бүгінгі күнге дейін қос ұжым 28 мәрте өзара шеберлік байқасқан. Жеңіске жету жөнінен "Атырау" командасының қоржыны тоқ. Олар біздің клубты 13 мәрте тізе бүктірді. Командалар 8 мәрте тең ойынға қанағат білдіріп тарқасқан. Қалған 7 кездесуде "Қайсар" жеңіске жетті. Қуаныштысы, соңғы жеті ойыннан бері қызылордалық футболшылар олардан бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген. Сырдың жігіттері "Атырауды" өз алаңында 2011 жылдан бері екі мәрте тізе бүктірген. 2014 жылдың 14 тамызында жерлестеріміз олардан 2:0 есебімен айласын асырып кетсе, 2012 жылдың 12 мамырында алаң иелері бізге 0:1 есебімен жол беріп қойды.
Қазіргі таңда турнир кестесінде қос команда қатаралс келеді. Алтыншы орындағы "Қайсарда" 28 ұпай болса, сегіздікте тұрған "Атыраудың" олардан небәрі 3 ұпайы кем. Сондықтан бұл ойынның маңызы өте артып тұр. Жеңген команданың 1-6 орындар үшін сайысқа түсетін командалар қатарына қосылуға мүмкіндігі арта түседі. Бұл ойынды ФФК-ТВ сайтынан Қызылорда уақытымен 19.00-де тамашалауға болады.