
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық департаменті Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары А.Тұрғанбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұрғанбаев қол астындағы қызметкерлерден жұмыста «қамқорлық» жасау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ, санитарлық тұжырым ұсынғаны үшін жеке балабақша өкілінің 200 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденген. Биыл 22 шілдеде №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен Тұрғанбаевқа 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот оған айыппұлды төлеу үшін 1 ай уақыт берді. Төлемеген жағдайда бас бостандығынан айырылады. Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.