САРАТС жобасының екінші кезеңі келер жылы басталады

 САРАТС жобасының екінші кезеңі келер жылы басталадыҚызылорда облысы әкімдігінде САРАТС  жобасының екінші кезеңін жүзеге асырудың алғышарттары талқыланды. Оған  ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа және Халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия елдері бойынша өңірлік менеджері Моазам Ахмед Меканмен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаровтың қатысты.
Жиын барысында Дүниежүзілік банк өкілдері қаржы бөлуге дайын екендіктерін жеткізіп, ғасыр жобасынының екінші кезеңін  жүзеге асыруға ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен меморандумға қол қойды. Бүгінде Сыр өңірінің халықаралық ұйымдармен түрлі салаларда серіктестіктің мол тәжірибесі бар. Бастысы Арал теңізін қайта қалпына келтіру жобасынының жүзеге асуы. 
– Жылдар бойы бүкіл әлем теңіздің тартылуына алаңдаса қазіргі кезде Қазақстанның Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару жобасын жүзеге асырғанын таңдана айтуда. Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асқан бірегей жоба «ғасыр жобасы» ретінде танылды,  – деді облыс әкімі.
Дүниежүзілік банктің қолдауымен САРАТС жобасының бірінші кезеңі жүзеге асты. Нәтижесінде теңіздегі су деңгейін 38 метрден 42 метрге дейін көтеруге, теңізді аудан орталығына 53 шақырымға жақындатуға мүмкіндік туды. Аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарып, өңірдегі көлдер жүйесін қайта қалпына келді, жойылып кеткен ондаған балық түрлерін қайта пайда болды. Балық аулау деңгейі айтарлықтар ұлғайып, балық шаруашылығы дами бастады. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Қызылорда облысында құны 22,2 миллиард теңгені құрайтын САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру туралы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев хабарлады. Ол екінші кезең жүзеге асыру Арал өңірінің қоршаған орта жағдайын және әлеуметтік экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 
Дүниежүзілік банктің Орта Азия елдері бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа САРАТС жобасын екінші кезеңін қаржыландыруға дайын екендіктерін жеткізіп, тараптар жұмысына табыс тіледі. Ғасыр жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруға қатысты барлық құжат жыл соңына дейін әзірленеді. Ал құрылыс жұмыстары келер жылы басталады.
Сондай-ақ осы күні Халықаралық қаржы корпорациясымен (ХҚК) мемарандумға қол қойды. ХҚК орташа дамыған елдерге жеке инвестиция салымын ұлғайтуға, кедейшілікті төмендетуге және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған қаржы институт болып табылады. Ұйым кеңестік қызмет көрсетуде және мемлекеттік жеке серіктестік негізінде жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол. 
Жуырда Қазақстанда тікелей шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша бірнеше әдіс көрсетілген жаңа заң жобасына қол қойылды. Мұндай әдістердің қатарында виза тәртібін жеңілдету, шетел инвесторларға арналған заңдылыққа өзгеріс енгізуге қарсы мемлекеттік кепілдіктер, шетелдік арбитраждық соттарға арыздану мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған. Орталық Азиядағы корпорацияның өңірлік менеджері Моазам Ахмед Мекан ХҚК облыс әкімдігімен бірлесе әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаров мемлекетпен қаржы институттары өңір экономикасын дамыту бойынша серіктестіктің маңыздылығын арттыратынын атап өтті. 
Кездесу барысында облыс әкімдігі, «Байқоңыр» ӘКК, Халықаралық қаржы корпорациясы және  «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ арасында меморандумға қол қойылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2014 г. 827 0