Халықаралық автошеру – Қызылордада

Мәскеу қаласының Қызыл алаңынан бастау алған «Зов предков» халықаралық автошеруі Қызылорда қаласына келіп жетті. «Достық үйінің» алдынан қарсы алған қызылордалықтар қонақтарға ерекше сый-құрмет көрсетті. Автошеру қатысушылары алдымен қазақы дәстүрге сай түрлі астан дәм татты. Мұнан соң  «Достық үйінің» мұражайымен танысты.

Автошерудің негізгі мақсаты – Ресей Федерациясындағы көпэтносты халықтың азаматтық бірлігін нығайту және Ресейдің Өзбекстан, Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Корей Рес­публикасымен халықаралық байланысын дамыту. Халықаралық автошеру өткізу Еуразия кеңістігінің мемлекеттері арасындағы дос­­тық қарым-қатынасын ор­­нату мен экономикалық, мә­дени және гуманитарлық серік­тестікті кеңейту үшін өте маңызды. Экспедицияға қатысушылардың арасында Ресей және Корей қоғамдық мекемелерінің басшылары, саяхатшылар, тілшілер және фотографтар бар.

Халықаралық ­автошеру «Ресей ха­лықтарының Ас­сам­б­леясы» жалпыресейлік қо­ғам­­дық мекемесінің ұйымдас­тыруымен Мәскеу қаласынан бастау алған болатын. Арнайы жабдықталған 10 көлік жеті мемлекет аумағын, соның ішінде Солтүстік және Оңтүстік Кореяны, барлығы 30 мың километр жерді аралап өтуде  (бағыты Мәскеу - Ташкент - Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батыр - ­Пхеньян - Пекин - Сеул - Мәскеу).

Қонақтардың ­қатысуы­мен баспасөз-конференциясы ұйым­дас­­тырылды. Онда «Қо­­­ғамдық келісім» КММ ди­ректоры Уәлихан ­Ибраев қонақтарға алғысын білдіріп, сәт сапар тіледі.

– Сыр елі – Алаштың анасы болған құтты мекен. Біздің өңірде түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Шерудің мақсаты да ұлттар татулығын арттырып, елдің бірлігін ны­ғайту. Бұл ретте, сіздерге ал­ғы­сымызды білдіреміз. Сәтті сапар болсын! – деді ол.

Өз кезектерінде автошеру­шілер де қонақжай қазақ хал­қына деген ризашы­лық­тарын жеткізді.

Баспасөз-конференция­сынан кейін автошеруге қатысушылар Корей халқының батыры Хон Бом Доның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.


Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

Суретті түсірген

Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2019 г. 490 0