« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы және мемлекеттік істер агенттігінің облыс бойынша департаментімен бірлесіп облыс орталығындағы орналасқан мемлекеттік мекемелердің кадр бөлімінің мамандарымен кездесіп,«Е-gov»электронды үкімет порталы және Telegram-бот жүктемесі арқылы мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-на бармай электронды түрде алу жолдары түсіндірілді.
Электрондық қызметтерді кез келген адам үйінде отырып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Connection Point» секторларында өздігінен ала алады. Қазіргі таңда 742 мемлекеттік қызмет түрлерінің 531 – ін электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.Ол үшін азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба керек немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелуі тиіс екендігі аталып өтілді.Облыс бойынша«Connection Point» секторлары арқылы 2019 жылдың6 айында 627935 электронды қызмет алынған.
Мобильді азаматтар базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі байланыстырылып, базаға енгізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бірнеше мемлекеттік қызмет пен сервисті үйінде немесе жұмыс орнынан қол үзбей онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тіркелгендер egov.kz порталының құпиясөзін ұмытқан жағдайда ұялы телефондарына бірреттік құпиясөзге сұрау жібере алады.
Кездесу соңында жиынға қатысушылардың ұялы телефон номерлері мобильді азаматтар базасына тіркеліп, Телеграм-бот жүктемесінде нақтылай мобильді қызметтер алып үйренді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |