« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Арал ауданына “Қасиетті жол” оңалту орталығының мамандары келіп, өңірдегі сал ауруына шалдыққан балалармен және ата-аналарымен жұмыс істеп, оларға кәсіби кеңес берді. Орталықтың басты мақсаты – ата-аналарға балаларды дамыту жолдарын үйрету, дұрыс бағыт-бағдар беру.
Шара барысында невропатолог, реабилитолог, ортопед, дефектолог, емдік дене шынықтыру, логопед секілді барлығы 14 маман аптаға жуық уақыт бойы халыққа қызмет көрсетіп, ерекше балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста болды. Бүлдіршіндерді қоршаған ортаға бейімдеу жолдарын қарастырған кеште дәрігерлер 92 баланы қабылдады. Оның 30-ға жуығы ауылдық жерлерден келіп тексеріліпті. Шалғайда тұратын ата-аналар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Бір айта кетерлігі, мұндай мүмкіндікті балаларға қайырымды жандар сыйлап отыр. Яғни, өңір кәсіпкерлері туған жер түлегі, орталық директоры Айнұр Нұрқожаевамен бірлесіп, мұқтаж балаларға мүмкіндігінше қол ұшын созып, ата-аналардың үміт отын ояту мақсатында ұйымдастырған екен. Бұл ретте жеке кәсіпкер Қуаныш Шынжанов пен Мәдина Лекерова да қайырымды істің қасынан табылып, өз медицина орталықтарын астаналық мамандарға босатып, балалардың ем алуына жағдай жасады.
– Ата-аналардың көзінен үміт отын көргенде, мұнда бекер келмегенімді түсіндім. Негізгі мақсатымыз да ата-аналармен жұмыс істеу, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу. Дегенмен, кейбір ата-ананың көңілінде күмән де бар. Олармен сөйлескенімде баланы далаға алып шыққан кездегі жұрттың көзқарасынан қысылатындығын айтады. Сөйтіп үйден ұзатпай, баланы жабық күйінде қалдырады. Бірақ бұл мәселенің шешімі емес. Үміт ең соңғы болып өледі. Мұндай жағдайда тек еңбек қана қиындықтан құтқарады. Міне, осының барлығын көкейге құюға тырыстық. Нәтиже жаман емес. Біздің сөзімізден қорытынды шығарған ата-аналарға өз басым көңілім толды. Сондықтан бұл бастама аяқсыз қалмайды, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деген орталық директоры А.Нұрқожаева осы іске атсалысқан барша азаматтарға және күні-түні балалардың қасында болған жергілікті невропатолог Нұржігіт Сералиев пен медбике Ақзер Қожановаға алғысын білдірді.
Шараға қатысқан аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова да өз кезегінде азаматтық жауапкершілікті жоғары қойған, жаны жайсаң мейірімді жандарға аудан жұртшылығы атынан алғысын жеткізді.
Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ән айтып, би билеген бүлдіршіндер ерекше көңіл күйде болды. Ата-аналар да дән риза. Осылайша, “Қасиетті жол” оңалту орталығы мен жергілікті азаматтардың бірлескен жұмысы қаншама балаға қолдау, ата-аналардың көңіліне медет пен үміт отын сыйлады.
“СБ” ақпарат.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |