Үстіміздегі жылдың 7 шілдесінде 14 сағат 45 минут шамасында Сырдария ауданы Нағи Ильясов ауылы тұсында оқыс оқиға орын алды. Бұл жөнінде бізге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жаздың аптап ыстық күнінің бірінде 1995 жылы өмірге келген бойжеткен суға шомылуды дұрыс көреді. Алайда, бұл оның бес күн жалғандағы соңғы сәттері екен. Суға түскен ол сол күйінше жағалауға жете алған жоқ. Сырдария өзеніне батып кетті. Аһ ұрған ағайын оның денесін іздеуге кірісті. Мәйіт сол күні 18 сағатта табылды. Оның денесі облыстық «Суда құтқару қызметі» құтқарушыларымен судан шығарылды.