Бүгін, 9 шілдеде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Алексей Деминді қабылдады.
Кездесуде аймақтың даму мәселесі сөз болды. Қадірлі мейман Қызылорданың қай салада болмасын дамып келе жатқанын айтты. Әсіресе, инфрақұрылымға аса мән беріліп жатқандығана айрықша тоқталды.
– Консулдар осыған дейін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнату бағытында ғана жұмыс жасап келді. Енді әр елдің мәдениетімен, тарихымен, жалпы ерекшеліктерімен танысуды да көздеп отырмыз, - дейді Ресейдің Алматыдағы бас консулы А.Демин. Оның айтуынша, бүгінгі кездесу аймақтар арасындағы әріптестікті одан әрі жандандыру мүмкіндік береді.