Тұрғындарға кеңес берілді

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде және қаланың шет аймақтарында жастар үшін кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Шарада «Жас маман-2019» көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен «Атамекен» облыстық кәсіпкерлік палатасы мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің арнайы сала мамандарының қатыстыруымен қала тұрғындары мен жұмыссыз жастарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары мен байланыс телефондары көрсетілген үнпарақтар таратылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 шілде 2019 г. 533 0