Сұғанақ жасөспірімге сынақ мерзімі белгіленді

Сұғанақ жасөспірімге сынақ мерзімі белгілендіҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көшпелі сот отырысында ҚР ҚК-нің 175 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен айыпталған сотталушы Қайсаровқа қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотталушы Қайсаров жәбірленуші Тайманованың тұрғын пәтеріне жасырын кіріп, тұрғын үйде ешкімнің жоқ екенін пайдаланған. Жәбірленуші Таймановаға тиесілі әшекей бұйымдар мен біршама ақша қаражаттарын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан Қайсаров өзінің қылмыстық әрекеттерін одан әрі жалғастырып сыбайластары Омаров, Оспанов, Исаевтармен бірге Байқоңыр қаласында орналасқан жәбірленуші Кимнің тұрғын-жайына жасырын кіріп, тұрмыстық заттар мен ақша бұйымдарын ұрлаған. 
Басты сот талқылауында кәмелетке толмаған сотталушы Қайсаров өзінің жасаған қылмыстық әрекеттерін толығымен мойындады. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Қайсаров ҚР ҚК-нің 175 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбей 3 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК-нің 58 бабының 3,6 тармағына сәйкес, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 17 қазан 2013 жылғы үкіміне сәйкес қатаңырақ жазаны неғұрлым жеңілірек жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 
ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп есептелініп, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Сынақ мерзімі белгіленген Қайсаровқа пробациялық бақылау шаралары тағайындалды. Атап айтқанда, сағат 20-00 ден 06-00 ге дейін ойын сауық мекемелерінде болуға, және уәкілетті органның рұқсатынсыз оқуын немесе жұмыс орнын, тұрғылықты жерін өзгертпеуге тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушының және жәбірленушілердің аты-жөні өзгертілген. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 шілде 2014 г. 898 0