Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесіп "Жалын" тынығу лагері базасында акция өткізді.
"Балалардың қауіпсіз және салауатты демалысы" тақырыбындағы акцияның мақсаты - тұтынушылардың құқығын қорғаудағы мемлекетіміздің ұстанып отырған саясаты, енгізілетін оң өзгерістер мен осы бағытта қолға алынып отырған істермен халықты ақпараттандыру, ата-аналардың сауатын ашып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауда көрсетіліп отырған қызмет сапасын арттыру болып табылады. Акция барысында аталмыш лагерде балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ТҚҚ қызметі мамандарымен тұтынушыларға (ата-аналар) олардың тұтынушылық құқықтарын қорғауда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тынығушылардың күнделікті тамақтанатын тағамдарының сапалы немесе сапасыз екенін анықтау жолында эксперименттер жасап көрсетті. Балалар құқықтарын қорғау және саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша акцияға қатысушыларға сауалнамалар, сергіту тренингтері өткізілді.