Сыр елінің асықшылары алда

 Облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігі қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуда 2015 жылы ресми құрылып, нәтижелі жұмыстарды атқаруда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында ұлттық спорт түрі асық ойынының қалалық, облыстық және республикалық турнирлерін өткізіп келеді.

Қостанай қаласында Асық ату спортынан «Кейкі мерген» атындағы Х халықаралық турнир өткізілді. Оған қатысушыларға «СМП-Кызылорда» ЖШС директоры Темірхан Әлімқұлов демеушілік көрсетті.

Қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры әрі жаттықтырушы Р.Наукеев және 3 спортшы қатысып, қорытындысында 3-орынды жеңіп алды.

Батырды насихаттау мен жас ұрпаққа өнеге ету жолындағы қамқорлық жасап, қолдау көрсеткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз.


 

 

Ж.Базартай, 

«Асық ату» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 шілде 2019 г. 558 0