Қызылорда қаласында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында биыл 25 маман көтерме жәрдемақы алып, 6 маман тұрғын үйге қол жеткізді.
Бағдарлама аясында 2009-2013 жылдар аралығында қалаға қарасты ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға барған барлығы 110 маман жолданып, оларға бір жолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін 80 млн. 845 мың теңге қаржы берілді. Бағдарламамен қамтылған мамандардың басым бөлігі білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары. Биылғы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қалада 34 млн.554 мың теңге бөлінді. Есепті мерзімде 25 маман біржолғы жәрдемақыға ие болып, 6 маман тұрғын үй несиесін алуға қол жеткізді. Бағдарламамен қамтылған мамандардың ішінде білім беру саласының мамандары 64,5 пайыз, денсаулық сақтау саласының мамандары 16,1 пайыз, әлеуметтік сала мамандары 9,6 пайыз.