Орталық стадион пайдалануға берілді

6 шілде күні Қызылордада Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның салтанатты ашылуы өтті. «Қайсар» мен «Шахтер» арасындағы алғашқы ресми матчын тамашалауға 6500 жанкүйер жиналды.
Шара барысында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов тұрғындарды стадионның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, еуропалық стандарттарға сай келетін құрылыстың жоғары сапасын атап өтті. Клубтың футболшылары мен бапкерлер штабы Қазақстан кубогының финалына шығуымен құттықтады. Салтанатты рәсімде эстрадалық әнші - Жарасхан Төлебай өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұл құрылыс нысанда қайта жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Жөндеу жұмыстары стадионның сыртқы келбетін өзгеруін қамтып, прожекторлар, орындықтар, алаң жабыны ауыстырылды. Қазір алаң еуропалық стандарттарға сәйкес және халықаралық матчтарды қабылдай алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2019 г. 652 0