
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. Осы орайда Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы 6 тамыз - 2019 жылы 17 маусым аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Бұл лауазымға Ақтоты Райымқұлова тағайындалды.