Димаш Президент жолдаған эстафетаны қабыл алды (Видео)

Әнші Димаш Құдайберген Абайдың 175 жылдығына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әнші Instagram-дағы парақшасында Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыған видеосын жүктеді.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым». Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым #dears-тарға жолдаймын» деп жазды әнші постында.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.
Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай Құнанбайұлы өлеңдерінен үзінді оқыды. Ол Абай жырларын жатқа оқу эстафетасын Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және Қазақстанның Еңбек Ері, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке, сонымен қатар еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткеріне жолдады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2019 г. 442 0