« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасындағы «Әділдік» бағыты маған ерекше әсер етті. Мұнда міндеттелген 8 басымдық – әділдікке апарар алтын кілт.
Әрбір қазақстандықтың еңбегіне сай жалақы алуы әркез назарында екенін айтқан Мемлекет басшысы әділдік ұғымының әлеуметтік салада кең етек жаюы керек екенін де ескертті. Мәселен, тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж азаматтар мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер, мүмкіндігі шектеулі жандар әрқашан қажетті қолдауды әділ алу керек. Бұл күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Президент байтақ республиканың әр түкпіріндегі жағдайға қанық.
Әлеуметтік көмек алу үшін құжат бойынша әдейілеп айырылысқандар немесе мекенжай тіркеуінен шығып жатқандар әділдіктен аттап барады. Мұны да қаперге алған жөн. Біз жаман нәрсені атын атамайтын халықпыз. Ал қолдан айырылысуға не жорық?!
Президент бұдан бөлек, қоғамның жегі құртына айналған жемқорлық жайына да тоқталған еді. «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Жемқорлық мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді, мемлекеттің дамуына тосқауыл қояды. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жеткіліксіз. Жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды» деді Қ.Тоқаев өз сөзінде.
Күні кеше ұлттық домбыра күні мерекесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы халықпен кездесті. Жиында тек шенеуніктер ғана емес, қарапайым халық, сол жердегі әрбір тұрғын Президентпен емен-жарқын әңгімелесе алатын мүмкіндікке ие болды. Елмен етене Президенттің бұл бағдарламасы қоғамды өрге сүйрейді деген сенімдемін.
Нұрмұрат ЕРМАНОВ,
«Бабас» ЖШС директоры.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |