Арал қаласындағы мәдениет үйінде Елорда күніне арналған салтанатты кеш жоғары деңгейде өтті.Шараға тұрғындар, ардагерлер мен мәслихат депутаттары, округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев Есілдің бойына ел қондырған елорданың тәуелсіздіктің төл тарихы, ұлттың ұйытқысы, құт қонған мерейлі мекенге, өңірлердің дамуына серпін берген қозғаушы күшке айналғанын, Нұр-Сұлтан қаласының көрінісі жарқын, маңыздылығыерекше екенін атап өтті.
Мерейлі мерекеге арналған шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Жұмабек Табынбаев,
Арал ауданы.