Грекиядағы сайлау: Оппозициялық «Жаңа демократия» партиясы жеңіске жетті

Грекиядағы кезектен тыс парламенттік сайлауда оппозициялық «Жаңа демократия» партиясы басым дауысқа ие болды, деп хабарлайды ВВС.


Грекия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,  90% бюллетень саналғаннан кейін «Жаңа демократия» 39,78% дауыс алған, ал биліктегі солшыл коалиция  "Сириза" - 31,56%. Айырмашылықтың аса көп болмағанына қарамастан «Жаңа демократия» басым дауысқа ие болады, өйткені парламентте жеңімпаз қосымша 50 орын алады. Премьер-министр Алексис Ципрас «Жаңа демократия» лидері Кириакос Мицотакиске қоңырау шалып, оны «Сириза» партиясының атынан жеңісімен құттықтады. Ал дүйсенбіде оның билікті елдің жаңа көшбасшысына тапсыруы күтіліп отыр.


inform.kz

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 шілде 2019 г. 639 0