Арыстағы әскери қойманы көшіру жұмыстары басталды

Мемлекет басшысы - Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жарылыс кезінде бүтін қалған оқ-дәрілер басқа аумаққа жеткізілуде, деп хабарлайды «Хабар 24». 
Бұл істі Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жеке қадағалауына алған. Қауіпті оқ-дәрілерді діттеген жерге жеткізу үшін әскери жасақ сарбаздары жұмылдырылған. Қазір өңірде жағдайды тұрақтау жұмыстары жүріп жатыр. Жауынгерлер жарылған оқ-дәрілердің қалдықтарын анықтап, олардың көзін жоюда. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 шілде 2019 г. 682 0