Кәріқұрлықтан құр қол қайтпады

Кәріқұрлықтан құр қол қайтпадыЭстонияның астанасы – Таллин қаласында гір көтеруден жасөспірімдер мен жастар арасында Еуропаның ашық чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста Қазақстан құрама командасынан 10 спортшы қатысып, 1 алтын, 6 күміс, 2 қола жүлдені олжалады. 
Оның ішінде Қызылорда облысы, Сырдария ауданынан жасөспірімдер арасында 68 келі салмақ дәрежесінде ойын көрсеткен Нұрсұлтан Көлдеев күміс жүлдені иеленді. Ол 24 келі гір тасын қос қолмен жұлқа және серпе жаттығу нәтижесінде 196 ұпай жинады. Нұрсұлтан гір көтеруден ҚР спорт шебері, төрт жылдан бері осы спортпен айналысып келеді. Бүгінге дейін 7 дүркін Қазақстан чемпионы, ересектер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Оның спорттағы толағай табыстарына жаттықтырушысы Жасұлан Өмірбаевтың да үлесі бар. Нұрсұлтан үстіміздегі жылдың  14-19 шілде аралығында  Ақтөбеде болатын ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында бақ сынамақ. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 шілде 2014 г. 869 0