Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі инженер-саперлар қойманың дәл алдындағы аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде бір оқ-дәрі жарылып, артынша өрт тұтанғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өртті әскери өрт сөндірушілер сөндірген. Құрбандар жоқ, ешкім зардап шекпеген. Жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері өз жұмыстарын аяқтамайынша, жергілікті тұрғындардың арсенал аумағына жақындауына тыйым салынғанын ескертеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 шілде 2019 г. 447 0