Облыста «Оралман» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасына сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдармен мерзімі өткен оралман мәртебесі бар этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын ұсыну бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдарға  этникалық қазақтарға «оралман» мәртебесінің өту мерзіміне қарамастан ұзарту акциясы жүргізілуде.

Акция аясында оралман куәлігінің мерзімі өткен 19 этникалық қазақтардың оралман куәліктерінің мерзімі ұзартылып, жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін көші-қон қызметінің құрылымдарына өз өтініштерін білдірді.

Сонымен қатар, 2-5 шілде аралығында өткізіліп жатқан  «Оралман» жедел профилактикалық іс шарасы аясында куәлік мерзімдері аяқталған 3 азамат анықталып оралман куәліктерінің мерзімдерін ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға өз өтініштерін берді.

Аталған жұмысты жүргізу мерзімі ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асыру көзделген.   



Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2019 г. 750 0