« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 17 қайғылы жағдай орын алды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақыт Ембергенов маусым кезінде су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде азаматтардың суға кетуі өзекті мәселе болып отырғанын мәлімдеді.
– Қайғылы жағдайдың көпшілігі – қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан. Өзен немесе каналдардың кез келген, әрі зерттелмеген ағысы жылдам, терең жерлеріне суға түсуі, балалардың ересектердің бақылауынсыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда, – деді Бақыт Ембергенов.
1 шілде күні «Сабалақ» саяжайы маңындағы каналда суға түскен 55 жастағы азамат тілсіз жаудың құрбаны болды. Оның денесін іздеуге «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің мамандары тартылды.
Төтенше жағдайлар департаменті барлық ересектерге, ата-аналарға, тәрбиешілерге балаларды қараусыз су айдындарына, каналдарға, өзендер мен көлдерге жібермеуді ескертеді. Ересектер де суда өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
Брифинг барысында Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Саид Молдақараев облыстағы өрт мәселесі жайлы айтып өтті.
– 2019 жылдың 6 айында облыс бойынша 247 өрт орын алған, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23 өрт оқиғасына көбейген. Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторларында орын алуда, – деді ол.
Соңғы күндерде аймақта ауа температурасы 45-47 градусқа көтерілді. Бұл – соңғы 5-10 жылда тіркелген ең ыстық ауа райы. Ауа температурасы тек Арал ауданында ғана 39 градустан асқан жоқ.
– Табиғаттың мұндай құбылысы бұдан бұрын Қармақшы ауданында байқалды. 2017 жылы Қармақшы ауданында ауа температурасы 46,7 градусты көрсетті. Одан кейінгі ыстық ауа райы дүйсенбі, 1 шілде күні Қызылордада 46,6 градусқа жетті. Бұл ыстық біздің өңірге Иран аумағынан жеткен жылы ауа массасының әсерінен болып отыр, – деді «Қазгидромет» РМК облыс бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жүкелова.
Аптаптан кейін сынап бағанасы едәуір төмендеп, жайлылық сезіліп тұр. Алайда, мамандардың айтуынша, шілде айының екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы 45-46 градусқа дейін көтеріледі дейін болжам айтып отыр.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |