
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бизнес өкілдерін Арыс қаласында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше көмек беруге шақырады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көмек қаражатын жинау шотын «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ашты. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты - Арыс қаласында апаттан зардап шеккен, көмекке мұқтаж азаматтар мен қайырымды жандарды байланыстыру. Қазіргі таңда арыстықтарға көмек ретінде ашылған арнайы шотқа әр облыстың кәсіпкерлері қомақты қаражаттарын аударды. Апат орын алған 4 күн ішінде 102 млн астам қаражат «Менің Атамекенім» шотына түсті.
Осы орайда, арыстықтарға көмек бергісі келетін меценаттарға төмендегі есепшотты ұсынамыз «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі Заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі №25 үй БИН 180540015308 Арыс Бизнес кәсіпкерлікке жәрдем береді атты арнайы жоба есеп-шоты ИИК: KZ806018821000204051(KZT) «Народный Банк Казахстана» АҚ Бик: HSBKKZKX Кбе 18
Қайырымдылық аударымдары үшін - КНП 119