ҰБТ: облыстың орташа балы - 84.

 2018-2019 оқу жылында Қызылорда облысы бойынша 11-сыныпты 5755 оқушы тәмамдады.
Түлектер 28 мамыр мен 7 маусым аралығында 5 пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырып, 12 маусым күні «Аттестат тапсыру» кештері өткізілген.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесімен 406 бітіруші «Алтын белгі», 264 бітіруші «Үздік аттестат» иегері атанды. 21-26 маусым аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге 5755 бітірушінің 4143-і (72%) қатысты. ҰБТ қорытындысымен облыстың орташа балы - 84. Оның ішінде: 812 бітіруші 100 баллдан жоғары балл жинады. Ең жоғарғы балл -139.
Жылма-жыл көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына облыс әкімінің гранты беріледі.
Мектеп бітіруші түлектер үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Республикалық комиссияның отырысы 21-31 шілде аралығында өткізіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2019 г. 701 0