« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында жанкүйердің делебесін қоздырған тартысты ойын болды. Шымкентте жергілікті «Ордабасымен» кездескен «Қайсар» бұл жолы алаң иелерінен басым түсіп, 1:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч басталысымен «Ордабасы» ойыншылары шабуылға кірісті. Команданың бразилиялық легионері Жоау Пауло тепкен доп қақпа бағанасынан кері қайтты. «Қайсарлықтар» да қарап қалмады. Қарымта шабуылда Куле Мбомбо «Ордабасының» қақпасына гол соғып, 37-минутта есеп ашты. Араға 3 минут салып, алаң иелері есепті теңестірді.
Ойынның екінші бөлігін «Қайсар» қарқынды бастады. Бірнеше шабуыл ұйымдастырылды. Ойын аяқталар тұста алаңға шыққан жас шабуылшы Өркен Махан төреші қосқан қосымша 6 минутта бұрыштамадан асқан допқа бірінші жетіп, жеңіс голын салып кетті.
Дәулет ҚЫРДАН.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |