Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаевқа қатысты жол-көлік оқиғасы туралы қауестке жауап берді

Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек, бір радиостанция эфирінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жол-көлік апатына ұшырады деген жаңсақ жаңалықты таратқанын айтты.
 "Энергетика министрлігі ресми мәлімдейді: бұл жалған ақпарат. Қазіргі кезде Энергетика министрі өз жұмыс орнында өзінің тікелей функционалдық міндеттерін және ел басшылығының тапсырмаларын орындап жатыр", - деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 маусым 2019 г. 872 0