« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов «бұқараның көзі, құлағы һәм үні» деп атаған қалам ұстаған қауымның кәсіби мерекесіне орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Қанатты қалам –2019» салтанатты шарасы өтті.
Билік пен бұқараның алтын көпіріне, дәнекер дәйегіне айналған бұқаралық ақпарат құралының қай қоғамда да жауапкершілік жүгі ауыр. Ұлтты ұйыстыруда, ел бірлігіне сызат түсірмеуге қалам қаруымен қызмет ететін журналист еңбегі өлшеусіз. Бүгінде облыста 100-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Уақыт сұранысына сай сапалы сайттардың қызметі медиа нарығында бәсекеге қабілетті қалып танытып келеді. Кәсіби мереке қарсаңында ақжолтай жаңалық – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналистердің кәсіби мерекесін ресми түрде бекітуге тапсырма бергені болды. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы ролін айқындай түсетін бастама.
Сыр өңірінде бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдау көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2010 жылы мемлекеттік тапсырыс қаржысы 155 млн теңге болса, 2019 жылы 757 млн теңгеден асып отыр. Қаржылық қолдаудың 9 жылда 5 есеге өсуі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының ролі ерекше екендігін айшықтай түседі.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қалам ұстаған қауымды кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Елімізде жаңалықтың жаршысы, билік пен халық арасындағы сенімді дәнекер бұқаралық ақпарат құралдарына деген ықылас ерекше. Сыр журналистерінің кәсібилігін шыңдау мақсатында халықаралық деңгейдегі форум, конференцияларға қатысу дәстүрге айналып келеді.
Өткен жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ақпарат саласы майталмандарының қатысуымен өткен жиындар, Мәскеу қаласында өткен халықаралық медиа шаралар және биылғы жылдың мамыр айында өткен Еуразиялық медиа форумға БАҚ өкілдерінің қатысуы аймақ журналистикасына тың серпін берері сөзсіз,– деді Руслан Рүстемұлы.
Сондай-ақ журналистерді ұжымдық бірлікке тарту мақсатында БАҚ өкілдері арасында спорттық шараларды ұдайы ұйымдастыру дәстүрге айналды.
Мерекелік шара аясында бірқатар журналистер Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хат және түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Кәсіби мерекеде Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын ұзақ жылдар бойы «Сыр бойы» газетінде фототілші болып қызмет атқарған, аймақтың фотошежіресін жасап, тарихқа айналдырған Болат Омаралиев иеленді.
Мерекеде биыл жарыққа шыққанына 90 жыл толып отырған Сыр елінің бас басылымы «Сыр бойы» газетінің бірқатар қызметкерлері де марапатталды. Атап айтқанда, басылым бас редакторының орынбасары Мұрат Жетпісбаев пен компьютер бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Оразбаев облыс әкімінің Алғыс хатымен, жауапты хатшы Дәуіржан Елубаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Алғыс хатымен, аға тілші Айнұр Батталова «Сырлы сөз» номинациясымен марапатталды.
Жылдағы дәстүр бойынша С.Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының жеңімпаздары анықталды.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |