Болашақтың дағдысы бәріміз үшін

Біздің миссиямыз ол – «ештеңесі» жоқ кішкентай аралдағы Сингапурды өзгерту. Біз «ештеңе» деген терминді қолданып отырған себебіміз, бұрын бұл жер болмаған еді. Соңғы 50 жылда біздің ЖІӨ 57 мың долларға дейін өсті. Бізде табиғи ресурстар жоқ, тек бір ғана маңызды активіміз бар, ол – адами капитал. Сингапур экономикасын цифрлы экономикаға өзгерту біз үшін өте өзекті мәселеге айналды. Біз цифрлы экономика туралы сөз қозғағанда, оның  қиындықтарға толы екенін үнемі айтамыз.
Сингапур экономикасы үшін ауыртпалықтардың бірі жойылған қарапайым мамандықтардың орнына жұмысқа орналастыру болды.
Еңбек рыногындағы техноло­гия­лардың  өзгеруі басты факторлардың бірі болды. Технологиялар адамдар жұмыс істей алатын позицияларды алмастырды. Біз «Болашақтың дағдылары: сенің дағдың, сенің активің, сенің келешегің» деп аталатын  арнайы негіздемелік концепция жасап шығардық, ол мектепте алатын білімнен басталатынын айта кету керек. Біз болашақ еңбек ететін жылдарымызға мектеп қабырғасынан бастап назар аудара бастадық және оқу концепциясын бүкіл өмірімізде, бүкіл еңбек жолымызда қолданамыз. Бүгінгі таңда бүкіл өмір бойы оқып, үнемі жаңа дағдыларға үйрену керек.

Ситхараман Ашок КУМАР,
электронды үкімет орталығының директоры, Сингапур ұлттық университетінің
жүйелі ғылымдар институтындағы халықаралық бағдарлама жетекшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2019 г. 339 0