Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа Қызылорда облысының құрама командасы қатысып, жүлделі оралды.
Атап айтсақ, Сырдария ауданынан ҚР спорт шебері, спорт ардагері Тұрғанбай Болғанбайұлы екінші орынды иеленді. Ал Ербол Қылышбай жүлделі төртінші орынға ие болса, Кенбай Қарашаевқа бесінші орын бұйырды. Жалпы жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 14 команда қатысты.