Облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Қазгидромет.
«27 маусым күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұруы мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін», - делінген хабарламада.