« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп жанында «Айгөлек» жазғы тынығу лагері мен «Балдәурен» аула клубы жұмыс істеп тұр. Бұл күнде мұнда әрбір оқушының бос уақыты тиімді өтіп келеді. Бұл ретте ұстаздар қауымы да артылған міндеттің үдесінен шығуда.
Әр жыл сайын лагерьде міндетті оқу қоры есебінен 60 оқушы демалыспен қамтылады. Одан бөлек, аула клубындағы 8 үйірменің балалардың ойын дамытып, қиялын ұшқыр етуде үлесі зор. Мұнда 240 оқушы тіркелген. «Шебер қолдар», «Спорттық ойындар», «Салауатты ұрпақ», «Жас суретшілер», «Жас өнерпаздар», «Логика әлемі», «Do you speak English», «Табиғат сыры» үйірмелері тәрбиелік бағытта қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, табиғат аясында серуендеу, шығарма жазып, сурет салу тәрізді балалардың көңіл көкжиегін кеңейтіп, тұлғалық болмысын айқындайтын шаралар жиі өткізіліп тұрады. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашылған тынығу лагерінде білім ошағының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Гүлшат Махамбетова бес баланың демалуына демеушілік жасады.
Макина ИСКАКОВА,
Ә.Молдағұлова атындағы
№173 орта мектеп
директорының
орынбасары.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |