
Кеше Қызылорда облысы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды.
Акция барысында профилактикалық есепте тұрған адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары іске асырылып жатыр.
Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңын түсіндіру жөніндегі буклеттерді үлестіре отырып, қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерді күн сайын аралауда.
Аталған акция ағымдағы жылдың 24-27 маусым аралығында өткізілетін болады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі