Астана - тұғырым, Елбасы – тірегім

Астана - тұғырым, Елбасы – тірегімБүгін, 3 шілдеде Елорда күніне орай Қызылордада «Астана - тұғырым, Елбасы – тірегім» тақыбында конференция өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, еліміздегі бірқатар белгілі ғалымдар қатысты.
Конференцияда баяндама жасаған аймақ басшысы «Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына,  жаһандық сәулет өнеріндегі бірден-бір қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды» деді. Расында 16 жыл ішінде тәуелсіздікті айқындайтын қала тұрғызылды. «Бәйтерек» және «Қазақ елі» монументі, «Бейбітшілік және келісім» «Қазақстан», «Астана-Опера», «Шабыт»  сарайлары егемендігімізді айшықтай түсуде. Облыс әкімі жаңа қаланың бас архитектуры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін тілге тиек етіп, «Астананың тарихы – шындыққа айналған ұлттық ұлы арманның шежіресі» деді.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов «Астана және Ұлттық идея» тақырыбында баяндама жасады. Ол Астананың тарихына тоқталды. Басқосуда бірқатар баяндамашылар Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуындағы, сондай-ақ жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің проблемаларын шешудегі Елбасының рөлі тұрғысында сөз етті.   Пікір алмасу кезінде Астананың қоғамдық-саяси, мәдениеттіліктің озық үлгісі қалыптасқан қалаға айналғаны айтылды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2014 г. 800 0