«Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы - АЛТЕЛ, 1994 жылдан бастап ҚР аумағында ұялы байланыс қызметтерін ұсынады, бүгінгі күні Қызылорда қаласында төртінші буындағы деректерді тарату желісін коммерциялық пайдалануға іске қосу арқылы қамту аумағын кеңітіп отыр. «Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, АЛТЕЛ-дің жаңа ұтқыр желісі Интернет желісіне ұтқыр қатынауды жылдамдығы 100 Мбит/секундқа дейін пайдалану мүмкіндігін ұсынады, ол алдыңғы байланыс буыны желісінен 5-7 есе жылдамырақ. Осы жылдың күзінде Қызылорда қаласында GSM/UMTS желісін іске қосу жоспарланып отыр.
«АЛТЕЛ» АҚ Бас Коммерциялық директоры Ирина Савинаның айтуынша, компанияда клиентке жекеше көзқараспен қарау жолға қойылған. «Біздің Қызылорда қаласы Абай көш. 50 мекенжайы бойынша орналасқан АЛТЕЛ-дің Сату және қызмет көрсету орталығында, JET абоненттері өз құрылғыларын теңдесі жоқ шарттарда 4G ұқсас құрылғысына айырбастай алады. Жаңа абоненттерге біз әртүрлі акциялар мен LTE жабдығын сатып алуға және деректерді тарату бойынша тарифтік жоспарларға қосылуға жеңілдіктер ұсынамыз. Осылайша, мысалы барлығы 4 900 теңге мөлшерінде 4G USB-модемді сатып алуға және сыйлыққа 99 Gb интернет-трафикті алуға болады», - деп атап өтті ол.
LTE желісінде ақпаратты тарату жылдамдығын едәуір арттырудың арқасында, АЛТЕЛ абоненттеріне жаңа мультимедиялық сервистер қол жетімді болды, оның ішінде жоғары сапалы көрсету жаңа бейне- және музыкалды контент, көп пайдаланушы ойындар, мониторинг жүйелері, бейнеконференциялар, интерактивті онлайн-қосымшалар және басқалары.
Қазақстанда LTE желісі 2012 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау және кең жолақты деректерді таратуды стратегиялық дамыту бағдарламасын орындау аясында Астана және Алматы қалаларында 1800 МГцв жиілік диапазонында іске қосылған. 2013 жылғы желтоқсан айында желі Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Есік, Қапшағай, Қарағанды, Қаскелен, Өскемен, Щучинск, Шымкент, Талғарда пайда болды. 2014 жылғы 15 мамырда АЛТЕЛ Қазақстанда алғашқы болып Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Өскеменде 4G/3G/2G мультитехнологиялық желісін іске қосты. Жақын арада Республиканың басқа қалаларында инновациялық желіні іске қосу жоспарланып отыр.
LTE желісі әлемнің 100 астам елінде іске қосылған, әлемде LTE пайдаланушыларының жалпы саны 135 млн. жуық, оның негізгі үлесі АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияға келеді.